Қарағанды облысында ер адам сегіз жасар ұлын жағармай құйып, өртеп жіберді
Приозерск қаласында ер адам отбасындағы дау-жанжалдан кейін өзін және ұлын өртеп жіберіп, артынша 4-ші қабаттан секіріп кетті. Тұтанған өрт көршілес пәтерге де жетіп, екі адам газдан уланып қалған.
Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғыны өзінің сегіз жасар ұлының үстінен жағармай құйып, өртеп жіберді. Ақырында бүлдіршін де, отбасының екі көршісі де мерт болды. Бұл туралы Қарағанды облысының ішкі істер департаменті хабарлаған.
Болжам бойынша, 49-жастағы еркек отбасы жанжалынан кейін өрт тұтатып, 4-ші қабаттан секіріп кеткен. Азамат дәл қазір ауруханада жатса, оның ұлы оқиға орнында көз жұмды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы (Адам өлтіру) бойынша кәмілеттік жасқа толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның анық-қанығы анықталуда. Оқыс оқиға 12 қыркүйекке қараған түні болған. Еркек Приозерск ауруханасына жеткізілді. Оның денесін 90%-ға күйік шалған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі