Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай қаласында қызы бас тартқан ана үш күннен бері көшеде жатыр

Қарағанды облысы Абай ауылының тұрғынының барар жері жоқ. Ол үш күннен бері далада қонып жатыр.

Ольга Смольякова есімді тұрғын қала әкімдігі мен полицияға хабарласып, көмек сұрағанымен екі жақта да қолдау болмаған, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

«Балммен қыдырып жүргем. Балалар келіп жақын жерде креслода әжейдің жатқанын айтты. Барсам, шынында әжей көрпеге оранып отыр», – дейді Ольга.

Әжей оған 20 күн емханада жатқанын, кейін емелген соң шыққанын айтқан. Алайда барар жері болмапты. Қызы мен жақындары оны қабылдамаған.

«Емханаға дейін арақ ішкен шығар. Кейін аяғымен жүре алмай қалған», – дейді тұрғын.

Әжейді өзге бойжеткен креслоға отырғызып, сорпа әкеліп беріп кетіпті.

«Мен де тамақ әкеліп едім, үлкен дәретке шығуым қиын деп тамақтан бас тартты», – дейді Ольга.

Полицейлер келгенімен әжейдің еш құжаты болмағандықтан көмек көрсете алмайтындарын айтып кетіп қалған. Әкімдіктегілер полицейлерге жөн сілтеген.

Смольякова Ольга олардан қайыр бомлаған соң әжейге көмек қолын соза алатын адамдардан көмек сұрайды. Жомарт жандар табылып қалар деп үміттенеді.

Тағы оқыңыз: 

Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

Заңгер: Астанада мұғалімі оқушы “екі” алды деп ата-анасының орнына өзі қол қойған, бала сыныпты екі рет оқыған

Шығыс Қазақстанда жол бойында жүрген аюдың видеосы тарады

Талқылау