Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Қарағанды облысы, Абай ауданында екі жасөспірім ұшты-күйлі жоғалып кетті. 29 тамыз күні 13 жастағы Анастасия анасына соңғы рет хабарлама жазған.

52

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Ол бәрінен шаршағанын, сол себепті үйден кеткенін жазыпты. Ол жалғыз емес, 17 жастағы жігіт Янмен бірге қашқан. Олар өздерінің жоспарлары туралы тіпті достарына да айтпапты.

Ал желідегі парақшаларына қарағанда жасөспірімдердің қашуға дайындалғандары байқалады. ВКонтакте желісінде Ян қиын жағдайда қалай өмір сүруге кеңес беретін топтарға жазылыпты. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қыздармен араласатын жігіттерге арналған топтың да мүшесі болған.

Ал Анастасия болса жігітімен бірге түскен суреттерін үнемі жүктеп отырған. Ал қыздың ата-анасы Настяның әлеуметтік желідегі ойлары мен суреттерінен бейхабар болған. Сол себепті ештеңеден күмәнданбаған.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстаннан келген әйел қазақстандықтардан 3 миллион теңге жинап берулерін сұрап отыр

Қостанайлық психиатрды өлтірді деп айыпталған дәрігер бас дәрігерді де өлтіруге тапсырыс берген

Алматы зообағының бар қарызын жауып берген кәсіпкер өзін сынағандарға жауап берді

Шахтинскіде қаза тапқан кеншілердің кім екені белгілі болды

Талқылау