Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды әкімі тасқыннан зардап шеккендерге сәл шыдай тұруға кеңес берді

Қарағанды облысында тасқын жүру қаупі толық сейілді. Дегенмен, бірнеше ауылда кетпей тұрған судың кесірінен 200-ден аса тұрғын әлі жаттың босағасында жүр. Ал жүзден аса үйіне су кірген Чкалов және Садовое ауылдарының тұрғындары баспаналарына оралып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

караганды акими су таскыны

Тасқыннан ең көп зардап шеккен осы екі елді-мекенге шенеуніктер арнайы бас сұқты. Су кірген үйлердің жағдайын көріп, елдің арызын тыңдады. Әкім-қаралар шығын толығымен өтеледі деп сендірді. Ал тұрғындарды араға жыл салып қайта келген тасқын тағы есеңгіреткен. Тіпті бірінші тасқыннан соң  салынған жаңа үйлер де зақым келіпті. Сондықтан жұрт апаттан келген шығынды жыл сайын жапқанша, ауылға су келмейтіндей қарекет жасалсын деп отыр. Облыс әкімі Ерлан Қошанов, бұрын есепке алынбаған бұл  жұмыспен енді өзі айналысатындығын мәлімдеді.

«Жаңа қызметке келіп жатырмын, 1 ақ ай болды. Сіздер шыдаңыздар бір шешімін табамыз», – дейді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 1-топтағы мүгедек он жылдан бері жәрдемақы алмаған

Ақтөбеде теріс діни ағымның мүшелері екі қызды зорлап кетті

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Талқылау