Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық хайуанаттар бағында арыстандарға тас лақтырған жігіттер іздестірілуде

Қарағандыда хайуанаттар бағында арыстандарға тас лақтырған жігіттерді әкімшілік жауапқа тартпақ. Қазіргі уақытта олардың тұлғасы анықталып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыдағы хайуанаттар бағында екі жігіттің арыстандарға тас лақтырып, торға саусағын тығып, жыртқыштарды ашуландырған видеосы тараған еді. Тіпті, оларға өзге келушілердің ескертуі тосқауыл болмаған. Керісінше, оларды балағаттап, әрекеттерін жалғастырыпты. 

Оқиғадан кейін Қарағанды полициясы аталған фактіні «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша тіркеді

«Аталған факті Қарағанды қалалық полициясының Михайлов аудандық бөлімшесінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта құқық бұзғандардың тұлғасы мен орнын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді полициядағылар. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Маусым, 2019 09:12
Талқылау