Қарағандыда полицей суға батқан ер адамды құтқарып қалды
Полиция майоры Дастан Азанбаев Қарағандыдағы су қоймасында суға батып бара жатқан адамды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2 маусым күні Қарағанды жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Дастан Азанбаев өзінің жеке автокөлігімен кіші інісі екеуі үйіне қайтып бара жатады.
Бұл сәтте інісі телефонға видео түсіріп келе жатады. Осы сәтте полиция қызметкері суға батып бара жатқан адамды байқайды. Інісі видеоны тоқтатып, 102 қызметіне хабарласады. Осыдан соң видеоға түсіруін жалғастырады.
Жедел жәрдем қызметкерлері талмасы ұстаған зардап шегушіге көмек берді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол балық аулап жүріп, суға түсіп кеткенін айтады.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі