Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автобуста емес, зоопаркте жұмыс істеңдер": Қарағандыда кондуктор мен жолаушы жігіт төбелесіп қалды (видео)

Қарағандыда жолаушы мен кондуктордың төбелесі түсірілген видео желіге тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

avtobus

Аталған факті полицияда тіркелді. Автобустың 20 жастағы кондукторы мен 18 жастағы жолаушы қоғамдық көлікте тәртіпсіздік жасады. Оқиғаның салдары анықталып жатыр. Соған сәйкес шара қабылданатын болады. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті осылай деп пікір білдірді. 

Видеодан байқағанымыздай, өзге жолаушылар қарсы пікірін айтып жатыр.

"Не деген сұмдық. Қоғамдық орында не істеп жатырсыздар? Адам емес, зообақта жануарлармен жұмыс істеп жатқан секілді. Мұндайды тоқтату керек", - деді олар. 

Талқылау