Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды

Анасын қорғап, егіз бауырын өлтірген 21 жастағы Қарағанды тұрғынына сот үкімі шықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі NV.KZ-ге сілтеп.

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды

«Ол анамды жиі ренжітетін. Балағат сөздермен ғана емес, тіпті қол көтеретін. Ол ішуді жақсы көрді. Сол күні, ол анамның жанын қоймай шарап алдырып, көшеде досымен ішкен. Содан кейін ол үйге қайта келіп, тағы шарап сұрады. Мен сонда анамның айқайлап жатқанын естіп қалдым. Ас үйге кірген кезде, оның анамды тепкілегенін түсіндім. Сол кезде қолыма пышақ алып, ұрып жібердім», - деген болатын сотталған жігіт бұған дейін.

Бірақ, бұған дейін осындай түсініктеме берген айыпталушы сотта  кінәсін мойындамады. Алғашқы сөзін жоққа шығарған жігіт бұл жолы жанжал кезінде нан кесіп жаттым деді. Және бауырының кездейсоқ пышаққа түскенін айтты.

Алайда, сараптама нәтижесі кездейсоқ жарақат туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ал, соққы бар күшпен жасалып, пышақ 8 сантиметр тереңдікке кірген болып шықты.

Осылайша, Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен айыпталушы қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Және ол жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген күзет мекемесінде өтейтін болды. 10 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалуы керек.
 

Талқылау