Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының қала мен аудандарында 90 мыңнан аса көшет егіледі

Қарағанды облысының әкімдігі Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеттері отырғызылатынын мәлімдеді. Орманды жаппай қалпына келтіру "Таза Қазақстан"  аясында жүргізілмек. Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланып отыр. Қоғам белсенділері бүгінде табиғатты аялау арқылы қоғамды қорғауды, қауіпсіздікті сақтауды дәріптемек.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қоғам белсенділері мен қала өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтар мен үйлердің аулаларына көшет отырғызуда.

Қарағандыда Майқұдық саябағында "Жастар Аллеясы" атты жаңа аллея ашылды. Мұнда 500 көшет отырғызылды. Акцияға қалалық мәслихаттың хатшысы Алтынтөре Бөкенов қатысып, тұрғындарды қалалық аумақтарды көгалдандыру мен тазалауда белсенді болуға шақырды.

“Ағаш егу – бұл тек экологияға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамызды қорғау мүмкіндігі, өз есіміңізді естелік ретінде қалдыру”,- деп атап өтті ол.

Ағаш отырғызу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі. Экологиялық акцияға "Отражение" қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындар қатысты. 

“Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды”, – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Теміртауда барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Ал бүгінде 670 ағаш егілді.

Теректер Абай даңғылында да отырғызылды. Қала көшелеріне 150 көшет егілді. Эко шараға тұрғындар белсенді қатысты. Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағаш көшеттері отырғызылды.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Жалпы ел болып жүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейін жалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  Осы жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағаш егуге, елді мекендерді көгалдандыруға арналған. 

Әкімдіктің мәліметінше, облыстың қалалары мен аудандарында жасыл желектерлі егу жалғасатын болады. Осылайша аймақ тұрғындарының табиғатты қорғауы мен қоғамды қорғауының бастамасы болмақ. Белсенділер қоғамдық қауіпсіздіктің бастамасы табиғатты аялаудан басталатынын дәріптеуде.

Талқылау