Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында тасжол опырылып, екі жүк көлігі түсіп кетті (видео)

Қарағанды облысындағы тасжол опырылып, екі жүк көлігі «түсіп кетті». Желіде оқиға кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қарағанды облысында тасжол опырылып, екі жүк көлігі түсіп кетті (видео)

Видеоны Ботагөз Омарова есімді қолданушы Facebook желісінде жариялады. Ол болған оқиға туралы айтып жатып эмоциясын жасыра алмады. Видеодан екі жүк көлігінің жолдың опырылған аумағынан шыға алмай қалғаны байқалады. Олардың артында үлкен шұңқыр пайда болған. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айталады!

 

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Қарағанды облыстық әкімдігіндегілер мердігер ұйымның қысқы уақытта жолды жөндеу кезінде қателіктер жібергенін айтты. 

«Мердігер «ЖолСтройГрупп» ЖШС жол төсемін тым ылғалдандырып жіберген. Соның салдары осындай жағдайға әкеліп отыр»,- дейді әкімдіктегілер. 

Сонымен қатар әкімдік өкілі биылғы жылдың наурыз айында аталған ұйымға қатысты сот тәртібінде шара қабылданғанын атап өтті. Оған қысқы уақытта жолды жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, келісімшартта көрсетілген міндеттердің тиісті түрде орындалмауы себеп болыпты. 

Өз сөзінде әкімдік өкілі қосымша мердігер ұйымды тарту шаралары қабылданғанын айтты.

«Бүгін опырылған жерлерді жөндеу жұмыстары басталды. Көліктердің қозғалысы қауіпсіз әрі кедергісіз болуы қамтамасыз етіледі», - дейді әкімдіктегілер. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр