Қарағанды облысында электр жүйесі істемей қалып, 300-ден аса шахтер жер астында қалды
Қосалқы станциялардың бірінде электр жүйесінің өшіп қалуынан Шанхан ауылындағы бірнеше тұрғын үйлер және кәсіпорындар жарықсыз қалды. "Қазақпараттың" хабарлауынша, жарықсыз қалғандардың ішінде "Тентек" шахтасы бар, деп жазады Stan.kz.
30 сәуір күні қатты соққан желдер Шахан ЖШС, "Қарағанды Жарық" қосалқы станциясының төбесін ұшырып әкетті. Төбенің жартысы қосалқы станцияның құрылғысына тиіп кетіп, тұтынушылардың апатты сөнуі орын алды. Нәтижесінде Шахан ауылының тұрғындары, "СаранКомунСервис" (Сарань қаласының сумен қамтиды), "Тентек" шахтасы жарықсыз қалды.
"Тентек" шахтасында жер астында 331 адам қалды. Шахтаның вентиляциясы жұмыс істеп тұрды. Басшылық жүзеге асырған іс-шаралардың көмегімен адамдар көлбеу оқпаны арқылы сыртқа шықты.
Шахан ауылында, "СаранКомунСервис" кәсіпорнында электр жүйесі қайтадан іске қосылды.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр