Қарағанды әкімі батутта көз жұмған баланың отбасына барды
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров батуттан қаза тапқан баланың отбасына барды. Қала басшысы жерлеу рәсіміне көмектесуге уәде берді.

Қала әкімі қаза тапқан баланың отбасына барып, баланың ата-аналарына көңіл айтты. Нұрлан Әубәкіров қала әкімдігінің жерлеуді ұйымдастыруға көмектесетінін айтты. Борис Рудаков биылғы жылы Қарағанды қаласының №10 орта мектебінің 5-сыныбын бітірді. Сондай-ақ қала басшысының орынбасары Ирина Любарская мен білім бөлімінің бастығы Гүлсім Қожахметова басқа зардап шеккен балалардың жағдайын білуге ауруханаға барды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласы қайғылы оқиға болды. Күшті желдің салдарынан батутта бір бала қайтыс болды. Екі бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, оның бірі амбулаториялық ем алады.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді