Қарағандылық бір қолы жоқ жетім баланы канадалық азамат асырап алды
Қарағандалық бір қолы жоқ жетім баланың өзі сияқты кемтар атасымен кездесуі елді тебірентті. Бұл сурет интернет-пайдаланушыларды бей-жай қалдырмады.

Осы жылдың маусым айында Канадалық отбасы Қарағандыдағы жетімдер үйінен бір қолы жоқ баланы асырап алды. 4 жасар Кириллді ата-анасы алғаш рет 2012 жылы суреттен көрген еді. Оларға баланың бір қолы жоқтығы қатты әсер етті. Содан баланы заңды түрде асырап алу үшін құжаттарын реттей бастаған. Соңынан Чета Фэйси Қарағандыға баланы көруге келеді. Олардың айтуынша, Кирилл оларға бірден өздерінің баласы сияқты әсер еткен.
“Бір көргеннен өз баламыздай ыстық көрінді”, – дейді Чета Фейси.
Сөйтіп, олар Кириллді қыркүйекте Канадаға алып кетеді. Сол кезде Кирилл өзінің жаңа атасы Криспен жолығады. Оның да өзінікі секілді оң қолы жоқ екен.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"