Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара нәсілді үшемді дүниеге әкелген әйел жұрттан сөз естіді

ХХІ ғасырда өмір сүріп отырғанымызға қарамастан, нәсілге қарап бөліп-жару мәселесі әлі күнге дейін маңызды болып келеді. Аарон мен Рэйчел Хэлберт қара нәсілді балалары үшін жұрттың сынына ілікті. Шын мәнінде, олар қошемет пен құрметке лайық.

Бұл туралы Washington Post басылымы жазды.

Бастапқыда Хэлберттер екі бала асырап алған. Бірақ, мұнымен тоқтап қана қалмай, эмбриондар асырап алу мүмкіндігін пайдаланбақ болған. Осылайша жұп егіз эмбриондардың көмегімен балалы болуды жөн көреді. Бірақ, Рэйчкел көп уақытқа дейін бала көтере алмай жүреді.

“Ақ нәсілді жұптың қара нәсілді балаларды асырап алуы қоғамда дау тудыратынын жақсы білдік. Walmart супермаркетіне кірген кезде, ақ нәсілді әйел жиіркене қараса, қара нәсілді әйел балаларға жанашырлықпен қарайды. Осы секілді жағдайлар өте көп”, – дейді Аарон.

Жұрттың жағымсыз пікіріне қарамастан, Аарон мен Рэйчел өздерін ерекше бақытты сезінгендерін айтады. Рэйчел 15 жыл бұрын қатырылған эмбрионды жатырына салдырған.

“Қара нәсілді балалардың ойлау қабілеті бізге ерекше ұнайды. Біз дәрігерге жағдайымызды испан тілінде айтып түсіндіре бастадық. Ол бізден бірнеше рет “Рэйчелге екі эмбрион салынғанына сенімдісіздер ме?” деп сұрады. Біз толықтай сенімді екенімізді айттық”, – дейді Аарон.

Уақыт өте келе Рэйчелдің жатырындағы бір эмбрионның екіге бөлінгені анықталады. Яғни ол дүниеге егіз емес, үшем алып келеді. Жүктілік ойдағыдай өтіп, босану кезінде де еш қиындық болмайды.

“Достарымыз бен туысқандарымыздың тарапынан көрсетілген қолдау үшін көп рахмет. Олар отбасылық өмірде бақытты болуымызға көп көмектесті. Рэйчел екеуіміздің арманымыз толықтай орындалды. Біз ешкімге ұқсамайтын отбасы құрдық. Жүктілік кезінде Рэйчел сондай бақытты болып жүрді”, – дейді Аарон.


Жіберіп алмаңыз:

Іштегі сәбиі аяғымен анасының жатырын жыртып жіберді

Ата-аналары 3 және 5 жастағы балалары үшін үйлену тойы стиліндегі фотосессия жасады (фото)

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Талқылау