Қапшағайда жауынгер кіші сержантпен болған жанжалдан соң көз жұмды
Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні болды. Қапшағайда қатардағы жауынгер мен мен кіші сержант арасында жанжал туындаған.

«Казармадағы тұрмыстық жұмыстары атқару кезінде борышын өтеуші жауынгер Н. Оразғалиев жақында ғана кіші сержанттықпен оқуын тәмамдап Қарулы күштер қатарына келген Ж. Рамадиннің бұйрығын орындамағанықтан екеуінің арасында жанжал болған. Соның салдарынан Рамадин Уразғалиевтің бетінен ұрған. Жауынгер есінен айырылып, сол күйі емханаға жеткізілді. Алайда, есін жимастан қалалық ауруханада көз жұмды», – делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиға бойынша уәкілетті құқық қорғау органдары қызметкерлерін тексеріп, тергеу жүріп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі