Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда сотталушының туыстары оны түрмедегілердің ұратынын айтып шағымданды

Қапшағайда сотталған Самат Саттаровтың туыстары оны ауруханада емдеуді талап етуде. Айтуларынша, қызметкерлер сотталушының ауырғанына қарамастан оны қайта түрмеге алып кеткен.

Сотталушының бет-жүзі көгеріп, болт жұтқан күйінде аурухана түсті. Туыстары оны түрмеде ұратынын айтты. Ал, түрме әкімшілігі сотталушының өз денсаулығына әдейі зақым келтіргенін айтуда, деп хабарлайды 31 арна.

Туыстары түсірген видеода сотталушы өзін ұрғанын айтып шағымдануда. Оны мүгедектер арбасына отырғызуға мәжбүрлеп жатыр. Ал, туыстары оның болт жұтқанын айтып, ауруханаға жатқызуды талап етуде.

«Оны күштеп алып кетті. Екі сағаттан соң ішіндегі жарасымен түрмеге апара жатқанын білдік. Бәріне түрме қызметкерлері кінәлі. Мұны солар жасаған немесе талап еткен», – дейді Самат Саттаровтың әйелі Айнұр Климова.

Сотталушыны ақыры ауруханаға жатқызды. Ота жасап, қазір бақылауда ұстап отыр.

«Одан арызын қайтаруды талап етуде. Арызда оны ұратыны, зорлайтыны, мазақ ететіні жазылған. Оған өлтіретін айтып қорқытқан», – дейді сотталушының әпкесі Айдана Саттарова.

Самат Саттаров 19 жылдың 8 жылын өтеді. Адам өлтіргені үшін сотталған. Түрме басшысы оның ауруханада болтты алып тастау отасынан бас тартқанын айтады. Түрмеге қайтқысы келмегеннен, өзіне жара салған деп отыр.

«Биыл сәуір айында келгеннен бастап бір рет сөгіс берілді. 15 тәулікке қамалды. Сол себепті көгерген іздер қалған. Ол өзге сотталушылармен төбелескен», – дейді ЛА 155/12 түрме басшысы Серік Нұрмұхамедов.

Әкімшілікте барлық іс бойынша тексеру жүретінін айтты. Арыз бойынша да іс тексеріледі. Қазір туыстары мен түрме басшылығы жан-жақты тексеру жүргізуді қалап отыр. Бұл енді тергеушілердің қызметі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау