Қаңтар айының соңы аязды болады
29 қаңтарда қатты аязға байланысты ШҚО мен Павлодар облысында оқушылар сабағын тоқтатты.

Павлодарда бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушылары сабаққа бармайды. Ауа температурасы -29 градус.
ШҚО білім беру басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымағы 1-11 сыныпқа, 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Өңірде аяз -36 градус.
Қаңтар айының соңы аязды болады. Ақпан айында қайта күн жылиды.
Алдағы күндері суық антициклонмен бірге 35 градус аяз шығысқа қарай ауысады, Каспийдің оңтүстігінде қалыптасқан циклон Қазақстанға көшеді. Солтүстік-шығысқа қарай жылжиды, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, солтүстікте, шығысында және ортасында циклон қардың, мұздың және тұманның пайда болуына әкеліп соғады. Бұл қарды, боранды, күшті оңтүстік-батыс желді және ауаның температурасын көтереді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.