Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канн жағажайында мұсылман әйелдерінің “буркини” купальнигін киюіне тыйым салынды

Канн қаласының мэрі Давид Линар қаланың жағажайларында мұсылман әйелдерінің буркини жабық купальниктерін киюіне тыйым салды. Ол мұндай купальниктер қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін айтады.

215093-INNERRESIZED600-600-Burkini-561794

Фото: islam-today.ru 

 

Мэр буркини купальниктері исламдық экстремистерді еске түсіретінін, ондағы демалушылардың секем алуына себеп болатынын айтады.

 

Тыйымды елемегендерге 38 евро көлемінде айыппұл салынады. Олардың басқа купальник ауыстыруына немесе жағажайдан кетуіне тура келеді.

_90763081_burkini

Буркини – мұсылмандардың суға түсуге арналған киімі. Ол шариғат заңы бойынша дененің барлық бөлігін жауып тұрады.

 

“Біз діни киімдерге емес, террорлыққа қатысты әрекеттерін ашық насихаттайтындарға тыйым саламыз”, – дейді қала әкімшілік шенеунігінің бірі.

 

Адам құқын қорғаушы француз Лигасы бұл тыйымға қатысты сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

“Саясаткерлердің дискримнация жөніндегі ойлары мен елдің рухын көтеретін уақыты келді”, – дейді бірлестік көшбасшысы Эрве Лависс.

Жіберіп алмаңыз:

Бондаж стиліндегі жапондық купальниктер биылғы жаздың сәніне айналды (фото)

“Supermodel International” байқауында қазақ қызы су киіміндегі үздік образ атағын жеңіп алды

Талқылау