Қаңқасы ғана қалған: Ресейде анасы 14 жасар қызын аштықтан өлтірді

Краснокамскіде 14 жастағы Аленаның өліміне қатысты тергеу жүргізілуде. Алдын ала деректер бойынша, қыз аштықтан жүдеп көз жұмған. 14 жасар жасөспірімнің анасы туған қызын аптасына екі рет ғана тамақтандырып отырған.

Қаңқасы ғана қалған: Ресейде анасы 14 жасар қызын аштықтан өлтірді

Бұл туралы 59.ru басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Туған қызын азаптаған әйел оған аштықтың арқасында ғана ауруыңды жеңе аласын деп ақыры өлтіріп тынды. Алайда, әзсіздіктен көз жұмған жасөспірім ешқандай аурумен ауырмаған көрінеді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың сыныптастар оның сәуір айында қатты арықтап, жүдеп кеткенін байқады. Жасөспірім сол кездің өзінде үйінде оны ешкім тамақтандырмайтын ашық айтып жүрді. Бірақ, ол бір айдан кейін жағдайы туралы әңгімелеуден үзілді-кесілді бас таптып, тіпті елмен сөйлесуден қалды.

Қаңқасы ғана қалған: Ресейде анасы 14 жасар қызын аштықтан өлтірді

Ал, анасы Аленаның жағдайын сұрағандарға қызын дәрігерлерге апарып тексерткенін және жасөспірімнің денсаулығының жақсы екенін айтқан.

Бірақ қыздың жағдайын бәрі көргеннен кейін оның үйіне әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісі жіберілді. Алайда, олар қыздың үйіне барғанда есікті ешкім ашпады. Ал, Аленаның өзі ол уақытта мектепте болған, бірақ денсаулығы туралы сұрай қалса қобалжып, ашулана бастаған көрінеді.

Өкінішке орай бірнеше айда қатты салмақ тастаған Алена кеше жер қойнына тапсырылды. Таныстардың айтуынша, 14 жасар қыздың арықтағаны соншалық, табытта қатып қалған қаңқа жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар