"Қаным да қазақ, жаным да қазақ": Төреғалидің әнін шырқаған орыс әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Төреғали Төреәлінің әнін орындаған орыс ұлтының өкілдері жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төреғали Төреәлінің «Жүрегім қазақ» әнін орындаған орыс жігіт пен келіншек желіні жарды. Бұл бейнежазбаны Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Әнді ықыласпен орындап отырған екеуі мәтіннің бір жерінде мүдірмеген.
«Өте керемет, біздегі қазақтар қазақша сөйлей алмайды», «Жарайсыңдар, біздің депутаттар өлең түгілі қазақша сөйлей алмай жүргенде», «Орыстар деп айта бермеңіздер. Ұлттың жаманы жоқ, адамның жаманы бар» десті жұрт.
Соған қарағанда Төреғалиді тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері сүйіп тыңдайтын сыңайлы.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?