Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңғыбастан мультимиллионерге дейін: дәретханада түнеген ер адамның хикаясы

Крис Гарднер өзінің кішкентай ұлымен бірге темір-жол стансасының әжетханасында талай түнді өткізді. Себебі оның тұрақты жұмысы да, тұрғылықты жері де болған жоқ.

SBFF-Modern-Master-Award-Presented-To-Will-Smith-Inside

Шамамен 27 жасқа келген кезде ол өзінің 14 айлық ұлымен бірге жуынатын бөлменің еденінде түнеп жүрді. Өмірден түңілген Крис Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында биржалық брокерде тағылымдамадан өтіп, аталмыш мекемеден азды-көпті нәпақасын тауып жүрді. Бар тапқанын ұлының бала-бақшасына төледі. Ол уақыттан бері 30 жылдан аса уақыт өтті. Бүгінде Крис Гарднер – бүкіл әлемді аралап, саяхаттай алатын мультимиллионер, деп жазды Mirror.

Pursuit-Of-The-Happyness-Launch-In-Rome-Day-2

Бүгінде 62 жастағы Кристің шотында 48 миллион фунт бар. Өзінің жеке инвестициялық компаниясын ашқан ол қазіргі уақытта әлемнің 50 мемлекетінде дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліседі.

Қаңғыбастықтан мультимиллионерге дейін жеткізген оның өмірлік жолы ғажайыптарға толы. Голливудта оның хикаясын негізге ала отырып 2006 жылы «Бақыт іздеу» («В погоне за счастьем») фильмі түсірілді.

Аталмыш кинокартинада басты рөлді танымал актер Уилл Смит сомдаған. Ол Кристің жақсы өмір сүруге деген ұмтылысын мейлінше көрсетуге тырысқан.

79th-Annual-Academy-Awards-Arrivals

1980 жылдардың басында бір жылға жуық уақыт ол қаңғыбастың күйін кешті. Кристің пәтер жалдап тұруға мүмкіншілігі болған жоқ, сол себепті ол кішкентай ұлымен бірге әр жерде бір түнеуге мәжбүр болды.

Метро стансасының дәретханасында әке мен бала «үндеме» ойынын ойнайды. Яғни олар әлдекімнің сөйлегеніне қарамастан дыбыс шығармай отырды.

Ол уақытта Кристің ұлы әлі жөргекте болатын. Кристің өзі туған әкесін танымай өскен, көп қиыншылық көрген. Сол себепті де ол ұлына жақсы өмір сыйлау үшін барынша тырысып бағады.

The-Pursuit-of-Happyness-by-Chris-Gardner

«Мен талай ауыртпашылықты басымнан өткердім. Сол себепті менің ұлым мұндайды көрмеуі тиіс дедім. Жалпы менің тағдырым оң арнаға түсті. Себебі мен дұрыс таңдау жасадым», – дейді Крис.

Крис биржалық брокер болып біраз уақыт жұмыс істеп, нәтижесінде тұрақты қызметке орналасады. 12 ай бойы үйсіздің күйін кешіп, жұмысқа тек 2 костюмді ауыстырып киген ол бұл туралы ешкімге жақ ашпаған. Висконсин штатының Милуоки атты мекенінде дүниеге келген Крис тұрақты жұмысқа орналасқан соң пәтер жалдап тұрады. Тез арада мансабын биіктетіп, 1987 жылы өзінің жеке брокерлық фирмасының негізін қалайды.

Режиссер Муччино Кристің өмірінен сыр шертетін фиьмді 2006 жылы жарыққа шығарды.

Өкінішке қарай, арада 6 жыл өткеннен кейін Кристің әйелі обыр дертінен көз жұмды.

«Әйелім екеуміз соңғы рет сөйлескенімізде оның: «Өмірдің тым қысқа екенін түсіндік, ал қалған өміріңде не істегің келеді?» – дегені есімде», – деді Крис BBC-ге берген сұхбатында.

Сол уақыттан бастап Крис брокерлік кәсіпті тастап, ел аралап, өз тәжірибесімен бөлісуді ұйғарады.

Осыдан екі жыл бұрын ол Ирландияға атбасын бұрды. Жергілікті тұрғындар оны жылы қабақпен қарсы алды. Аталмыш кездесуде Кристің айтқан сөздері:

«Егер сіз ісіңізді беріле, шынайы түрде атқармасаңыз, сіз бірінші кезекте өзіңізді қауіп-қатерге душар етесіз».

«Бір күні күнделікті ісімді атқарғым келмейтінін түсіндім. Оған әсер ететіндей бір жайт орын алды».

«Мен бүкіл өмірімнің махаббатын (Холли Энн Norwick) обыр дертінің кесірінен жоғалтып алдым».

«Егер ол болмағанда менің бірде бір жоспарым іске аспас еді».

«Мен өзім шын мәнінде қызығатын нәрсені табуым керек болды.»

«Мен оны таптым және 30 жыл ішінде оны жасадым».

Крис жетістікке жетуіне анасының ықпалының тигенін айтып өтті.

«Маған барлығын үйреткен анам болды», – деді ол.

“Ақшаның көп бөлігі бала күтіміне жұмсалады. Оны үйсіздің күйін кешіп жүрген кезде түсіндім. Күн сайын мен өз баламды бейтаныс адамдарға қалдырып жүрдім. Ең қорқыныштысы да сол еді. Оның амандығын тілеумен жүрдім. Өмірлеріңізді өзгерту үшін сізге жоспар қажет. Ол C5 кешені деп аталады. Жоспарыңыз айқын, жүйелі, өзгелерді сендіре алатындай болуы тиіс. Жалпы сіз бір іске шын ниетіңізбен берілсеңіз, ешқандай да «Б» жоспарының қажеті болмайды”, – деді Крис.

Жіберіп алмаңыз:

Экстремалдар пойыз төбесіне мініп Эйфель мұнарасының жанынан өтті (видео)

АҚШ-та 80 жастағы әжей стюардесса болып қызмет етеді (фото)

Ата-анасына пәктігін сатылымға шығарған қызын үйден қуып шығуға кеңес берілді

Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді

Талқылау