Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
“Канелодан” емес: Головкин биыл тағы да жеңіледі деп болжанды
Boxingscene.com сайты биылғы жылғы боксқа болжам жасады. Оның ішінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің де есімі аталады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сарапшылардың болжамынша, орташа салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы америкалық Джермалла Чарломен кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіледі.
«Бұл соншалық үлкен тосынсый болмауы мүмкін. Себебі Головкиннің жасы 37-де. Алайда төрешілердің шешімі оқылып, Чарлоның қолын көтергенде, бұл жүйе үшін шок болады. Чарло өзінің физикалық мүмкіндіктерін арттырады. Түрлі комбинацияларды көрсетеді және Головкин үшін тұрақты мақсат болмайды», – делінеді басылымда.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында Головкин алғаш рет жеңіліс тауып, мексикалық Сауль Альварестен жеңілді.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған