Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы: Оны оп-оңай ұрып тастаймын

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы: Оны оп-оңай ұрып тастаймын

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу үшін еш қиындық жоқ екенін айтты.

«Мен оны оп-оңай ұрып тастаймын», – дейді Сауль Альварес.

Айта кетсек, бұған дейін «Канелоның» промоутеріОскар де ла Хойя үшінші жекпе-жекті өткізу үшін Головкинге шарт қойған еді.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау