Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы: Оны оп-оңай ұрып тастаймын
Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Өз сөзінде «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу үшін еш қиындық жоқ екенін айтты.
«Мен оны оп-оңай ұрып тастаймын», – дейді Сауль Альварес.
Айта кетсек, бұған дейін «Канелоның» промоутеріОскар де ла Хойя үшінші жекпе-жекті өткізу үшін Головкинге шарт қойған еді.
Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
