Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канело» Головкинмен үшінші айқас өткізуге дайын екенін айтты

Орта салмақ дәрежесі бойынша WBC, WBA және IBO нұсқаларының әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші кездесуге және Флойд Мейвезермен реванш өткізуге дайын екенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sky Sports-қа сілтеме жасап.

«Канело» Головкинмен болуы мүмкін үшінші айқас туралы айтты

«Егер жанкүйерлер біздің үшінші жекпе-жегімізді көргілері келсе, онда мен оларға осындай мүмкіндікті қуана-қуана беремін. Мен мұнда адамдарға қалағандарын беру үшін жүрмін. Жанкүйерлердің күткен шайқасы осы болса, мен оларға беремін»,-деді Сауль Альварес.

Сондай-ақ, мексикалық чемпион өзінің кәсіби манбасында оны алғаш рет жеңіліске ұшыратқан боксшы Флойд Мэйвезермен болуы мүмкін реваншқа қатысты пікір білдірді.

«Мен Флойд тәуекелге барып, менімен екінші рет жекпе-жекке шығады деп ойлаймын. Егер ол боксқа оралғысы келсе, онда менімен айқасуы керек. Бұл ол үшін қиын болар еді, бірақ мен оның тәуекелге барғысы келмейтінін білемін», – деді «Канело».

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау