Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канело» Головкинмен қарымта кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа оралды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарымта кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа оралды, деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

ESPN.com.mx басылымының мәліметі бойынша, Сауль Альварес қарсыласы Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен тәрізді.

«Канело» жаттығу лагерін Гвадалахарадан Сан-Диего қаласына ауыстырды. Ендігі олар бұрынғыша дайындық жүргізіп жатыр», – деп мәлімденеді басылымда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылғаны хабарланған еді. Ал қарсыласының допинг қолданғанына қатысты пікір білдірген Головкин оның таза екенін дәлелдеуді талап етті. Бүгін Канелоның 2 және 5 наурыздағы допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Танымал көріпкел Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі қалай аяқталатынын айтты

Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындары басталды

«Канелоның» тағы екі допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды

Боксшы Назым Қызайбайдың зілдей балғамен жаттығу жасаған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Талқылау