Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай екенімді білмейсіздер: Қыз сияқты боянып, шаш жалғап алған қазақ жігіті өз әрекетін түсіндірді (видео)

Танымал бьюти блогер Әли Батов 15 жасынан бері сұлулыққа қызыға бастаған. Бүгінде бетін әрлеп, алқызыл түсті жасанды шаш киген жігіт осындай образы өзіне ұнайтынын айтады. Алайда сырт келбетім қандай болса да, ішкі дүнием сол қалпы, дейді ол.

Қандай екенімді білмейсіздер: Қыз сияқты боянып, шаш жалғап алған қазақ жігіті өз әрекетін түсіндірді

Бұл туралы «Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бағдарламаға келген Әли Батов өзінің образымен көпшілікті қайран қалдырды. Десе де оны жақтағандардан көрі, сын айтып, даттағандар көп болды.

Өзінің қыз сияқты боянып, күтінуіне не себеп болғанын түсіндірген блогер 15 жасынан бастап сұлулыққа қызыға бастағанын жасырмады.

«15 жасымнан бастап сұлулықты жақсы көрдім. Сұлу қыздарды бақылап, олардың өзін қалай ұстайтынына қарағанды ұнататынмын. Бұл менің ғаламторда сондай әдемі қыздарды іздеп, қарай бастауыма алып келді. Ол кезде өзін-өзі қалай күтетіні туралы блог жүргізіп, желіде жариялайтын қыздар аз еді. Мен сол қыздардың қалай күтінгенін, боянғанын көріп, дарындылығына таңғалдым. Әрі қарай мұнымен қатты әуестеніп, өзіме берілген көп ақшаға алғаш рет ерінге арналған далап пен көз бояйтын бояу сатып алдым», – дейді бьюти блогер.

Дәрігерлердің адамдарға әдемілік пен сенімділік сыйлағанын ұнатамын деген Әли медицина саласын таңдап, мейіргер мамандығы бойынша білім алған екен.

«Қарапайым бала ретінде мектепте оқыдым. Өз армандарым болды. Пластикалық хирург болуды армандайтынмын. Маған дәрігерлердің адамдарды әдемі, бақытты еткені ұнайтын. Адамдар пластикалық отадан кейін өзіне сенімді бола түседі. Медициналық колледжде мейіргер мамандығына оқыдым», – дейді ол.

Бағдарлама барысында көпшіліктің сынына ұшыраған Әли күнделікті өмірде боянып жүрмейтінін айтты.

«Мен өмірде бұлай жүрмеймін. Менің анам бар. Мен – біреуге ұл, біреуге немеремін. Бұл бірінші кезекте. Сіздер менің қандай екенімді білмейсіздер. Мен ешқандай жаманшылық жасаған жоқпын. Ешкімді зорлап, ұрлық жасаған емеспін.

Мен өзі ақша тауып, өмір сүріп, өзім қалаған іспен айналысып жүрмін. Біз тәуелсіз мемлекетте тұрамыз. Не істегім келсе, соны істеймін. Бұл образ», – дейді Әли Батов.

Ақырында студиядағылардың сынына шыдамаған жігіт басындағы жасанды шашты шешіп тастап, шынайы келбетін көрсетті.

«Маған қараңыздаршы. Мұнан ішкі дүниемде әлдене өзгере ме? Не өзгереді? Ештеңе өзгермейді», – дейді ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “Өз ойым” жаңа ток-шоу (@oz_oiym7)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау