Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай адамдар иттердің шабуылына жиі тап болады

Иттер көбіне кімдерге шабуыл жасайтыны белгілі болды.  Оны Ливерпуль университетінің ғалымдары зерттеді. Нәтижесі Journal of Epidemiology and Community Health журналына жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ғалымдар солтүстік Ұлыбританияның Чешир еліндегі 694 тұрғынға сауалнама жүргізген. Олар жасын айтып барып, сұрақтарға жауап берген.

Тұрғындардың 25 пайызын өмірінде бір рет болса да ит тістеп көрген. Ит шабуылының орташа жиілігі жылына 1000 адамға шаққанда 18,7 рет тістеген. Яғни, Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау жүйесінің деректері екі есе аз болып шықты. Бұл медициналық көмектің қажет болғанына қатысты шыққан статистика.

Сауалнамаға жауап берген тұрғындардың 44 пайызын ит 16 жасқа дейін тістеген. Үйінде ит асырайтындардың 3,3 пайызы өз итінің шабуылына тап болған.

Зерттеу нәтижесінде ер адамдар әйел адамдарға қарағанда 1,8 рет иттің құрбаны болады.

Иттен қорқып, тітіркенген адамға иттердің шабуыл жасау ықтималдығы артатыны белгілі болды.

Тағы оқыңыз:

Модель пластикалық ота жасатамын деп мұрнынан айырылып қалды

Қашықтықта қарым-қатынас құрған жұп махаббаттарын ерекше әдіспен көрсетті (фото)

Тек әйедер демалатын арал ашылады

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

 

Талқылау