Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның келесі жекпе-жегі Астана қаласындағы “Сарыарқа” спорт кешенінде өтетін болды.

17361834_1236789303105161_8359461747591970366_n

Жекпе-жек уақыты 9 қыркүйекке белгіленіп отыр.

“Спорт кешенінің сиымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, “Сарыарқа” велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихаты болады. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт, “Алматы аренада” өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюларыңызды сұранамыз. Билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады”, – деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, елорда төрінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам жұдырықтастады. Оның қарсыласы туралы ақпарат әзірге жария етілген жоқ.

Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов та осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Месси: 17 жастағы қазақ футболшысына Испания мамандарының көзі түсті (видео)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Талқылау