Қанат Ислам Головкинмен жекпе-жекке шығуға түбегейлі қарсы

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 12:37

Таяуда АҚШ-та өзінің 21-ші кездесуін жеңіспен аяқтаған 31 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кеше Алматыға оралып, көптен күткен жанкүйерлерімен жүздескен еді.

islam-attacks-de-angel-large

Сурет alaman.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматыға табаны тиген Қанатты алқалаған тілшілер қауымының қойған алғашқы сұрақтарының бірі Генадий екеуінің арасындағы жекпе-жекке қатысты өрбіді. Қанат өз жауабында бұл мәселеге біржола нүкте қойды. Яғни, Қанат Ислам мен Геннадий Головкин бір-біріне қарсы шаршы алаңға шықпайды.

“Гена да қазақ, мен де қазақ. Екеумізге де бір-бірімізбен жұдырықтасқанымыз емес, қазақтың көк Туының желбірегені, абыройының асқақтағаны қымбат. Мен Генаны жасы үлкен аға ретінде, қазақтың Туын көтерген батыры ретінде сыйлаймын. Ол Туы жығылмай, тауы шағылмай алдымызда жүрсе, мен сол Тудың жығылмауына жарап жатсам, менен асқан бақытты адам жоқ”, – деді Қанат Ислам.

Ал “Бір жекпе-жегіңіз үшін қанша ақша аласыз?”, – деген сұраққа Қанат жымиып, осы кездесулері үшін әлі сыйақы алып көрмегенін ашық айтты.

“Мен шынын айтқанда осы өткізген кездесулерімнің ешбірінде сыйақы алып көрмедім. Өйткені, мен ол жақта сыйақы алу үшін жүрген жоқпын. Менімен кім шыққысы келеді, сонымен шығып жүрмін. “Ал, маған ақша бермесеңдер мен шықпаймын”, – деп жүрсем, күні бүгінге дейін 21 емес, мүмкін 5-ақ кездесу өткізуім мүмкін еді. Менің осы жекпе-жектерімнің барлығына Бауыржан ағам (ред. Оспанов) миллиондаған қаржысын бөліп жатыр. Не үшін? Екеумізде де бір ғана идея, бір ғана мақсат бар. Бұл жеке бастың қамы емес. Бұл жерде бізге қазақтың көк Туы мен атақ-абыройы қымбат болып тұр. Дүние – қолдың кірі, шынын, айтқанда. Сол үшін, дәл қазір, біздің жас мемлекет үшін, біз секілді жастардың ел намысын қорғауы қымбат деп ойлаймын”, – деді Қ. Ислам.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар