Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды

Елбасы Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

20140101144331

Сурет ҚазАқпарат

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ал ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.

Павлодарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Бақауов Болат Жұмабекұлының кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқыды. Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Талқылау