Әлжаппаров пен Спабековке балалар пародия жасап жүр (видео)
Көрермендерді күлкіге қарық қылып, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін жеңіл әзілмен жеткізе білетін Аманғали Спабеков пен Қанат Әлжаппаровтың өздеріне пародия жасайтын балалар пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Балалардың бірі Қанат Әлжаппаров секілді автоматтың даусын салса, екіншісі Аманғали Спабековке ұқсатып иттің үрген дауысын келтіріп жатыр. Өнерімен тәнті еткен балалар youtube желісіне видеоларын да салып үлгерген.
“Әзіл әлемінде” атымды жамылып, автоматтың дауысын салатын жандар жүр деген Қанат Әлжапаровтың әзілі шындыққа айналған секілді.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қабатовтың концертін ұйымдастырушылардың ағашқа афиша ілгені үшін айыппұл төлейтіні туралы жазған болатынбыз.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі