Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен өнер көрсеткен әнмен жеңіске жетті (видео)
Канаданың чемпионатында мәнерлеп сырғанаушылар Кейтлин Вивер мен Эндрю Поже өз бағдарламасында қазақстандық Денис Теннің өнер көрсеткен әнді қолданды.

Бұл туралы goldenskate.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Кейтлин мен Эндрю ел біріншілігінде Starmania франциялық мюзикліндегі SOS d’un terrien en détresse әніне өнер көрсетті. Олар додада жеңіске жетті.
Кейтлиннің сөзінше, олар Денис Теннің бағдарламасын көргеннен кейін шабыттанып, аталған әнге өнер көрсетуді ұйғарған.
«Бұл бағдарлама өзің үшін қымбат болған адамдардың жоғалтқандағы сезімді бере алады деп ойлаймын. Біз өте қымбат досымызды жоғалттық. Бүгінгі эмоциялар шынайы болды», – дейді мәнерлеп сырғанаушы.
Мәнерлеп сырғанаушылардың сөзінше, олар бұл бағдарламаны суицид жасаған достары Джон Кафлинге арнаған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.