Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канададағы қазақтар мен қырғыздар бас қосып, отандастарына үндеу жасады

Қазақстандықтар мен қырғызстандықтар отандастарын арандатушыларға ермей, бауырлас халық болып қалуға шақырды.

Канадада тұратын қазақтар мен қырғыздар Торонтода кездесіп, екі бауырлас халық арасындағы берік достық жайлы сөз қозғады. Олардың мақсаты екі ел ара-қатынасының жақсаруына үлес қосып, қарапайым халықтың бір-біріне түзу көз қараста болуына ықпал жасау.

Кездесудің видеосы YouTube  желісіне жүктелген..

“Әрқайсыңызды  өзгенің жетегіне еріп арандап қалмауға қашырамыз. Біздер бауырлармыз, солай болып қалуға тиіспіз “, — деп мәлімдеді іс-шараға қатысушылар.

Жиналғандар  сондай-ақ, отандастарын келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.

Айта кетейік, 30 қараша күні Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдер басшыларының кездесуі өтті.

Саммитте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. “Қордай” бақылау-өткізу пунктінде шекараны уақытша ашып, екі жақтан бақылау орнатуға шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз:

Австриялық дизайнер смартфонға тәуелділіктен арылтатын құрылғы ойлап тапты

 

Талқылау