Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)
Танымал актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева су жаңа фотосессиясымен бөлісіп, тыңдармандарының қатал сынына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жолдыбаева түсірілім жұмыстарын фотограф Думан Қасымға табыстаған. Көпшілік Жолдыбаеваның сұлулығына қайран қалды.

Кәмшаттың үстіңгі жағы гипюр матасымен көмкерілген қара көйлегі ел назарынан тыс қалмады. Желі оқырмандарының арасында көйлектің Кәмшатқа жараса кеткенін айтып мақтағандар да, ұнатпай даттағандар да табылды. Желіде Жолдыбаеваның фотосессиясы үшін ұрысып қалған жандар да кездесті.

«Дүниедегі сұлулықтың бәрін жиып бергендей», «Қалай тұрса да Кәмшатқа жететін сұлу жоқ», «Ешкімнің сөзін көңілге алма. Сендей аруға қолы жетпей жүргендер көп», «Өте әдемі, көре алмайсыңдар ма, тыныш отырыңдар», – деп пікір білдірді Кәмшаттың жақтаушылары.

"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”