Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаеваны актермен “сүйістіріп қойған” Ұлттық арна халық сынына ұшырады

Баян Мақсатқызының қарамағындағы кезекті ару қалың көрерменді ашуландырды! Ашық-шашық киінгені үшін жиі сыналатын Кәмшат Жолдыбаева Ұлттық арна эфирінде отандық актермен сүйісіп, ел наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақстан” Ұлттық арнасынан Жаңа жыл түні көрсетілген “Сыңғырлаған сиқырлар” атты шоу-бағдарламада Жолдыбаева актер Олжас Абаймен сүйіскен. Бұл ретте желі қолданушылары әр кинода актерлермен ашық сүйісуден ұялмайтын Жолдыбаеваны сынап тастады. Желі оқырмандарын актердің отбасылы екені алаңдатуда.

Қазақы менталитетке жат көріністің басқа емес, Ұлттық арна эфирінен көрсетілгені елдің шамына тиді. Көпшіліктің айтуынша, соңғы кездері “Қазақстан” арнасы бейәдеп көріністерді көрсетуден тайсалмайтын болған. Жұрт мұны арна басшылығына Баян Алагөзованың жан құрбысы Динара Сәтжанның келуімен байланыстырады.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)

Дубайлықтар Ерке Есмаханды тойға шақырды (видео)

Талқылау