Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

Әнші Кәмшат Жолдыбаева өзінің инстаграмдағы парақшасында ерекше байқау ұйымдастырған болатын. Күні кеше аталған байқаудың қорытындысы белгілі болды.

TXgzM00P8Jw

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Наурыздың бірінші жұлдызында басталған байқауға қатысуға ниет білдіргендер әншінің “Бірге” әнінің кавер нұсқасын орындап немесе әнге би билеген видеосын жолдауы тиіс болатын. Кәмшат Жолдыбаева үздікті өзі анықтап, бас жұлдеге Iphone 6 смартфонын сыйлауға уәде берген-ді.

Екінші және үшінші орынды иеленген азаматтардың бірі әншінің жеке ән жинағын алса, екіншісі лайтбоксқа ие болады.

“Түп нұсқасынан да күшті шықты” деген пікірлермен келіспеймін 😜 әрине , бірақ #Бірге әнімнің жаңа нұсқасын естідім ! Өте сапалы жұмыс ! Нағыз кавер ңұсқа – тіпті жаңа аранжировка жазылып 👍, кәдімгідей бейнебаян түсірілген ( би десең – кішігірім би де бар 🙈) ! ☺ Осының бәрі ескеріле отырып , #Конкурс_бирге_кжолдыбаева байқауының лайықты жеңімпазы – @ck_mysteryman ! Құттықтаймын ! 👏👏👏

Видео опубликовано Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)

Бас жүлде Қуаныш Сыздықов есімді азаматқа бұйырды. Ол әнге аранжировка жаздырып, кішігірім бейнебаян да түсіріп үлгерген екен. Жігіттің бұл әрекетіне әншінің өзі де тәнті болды.

Бұл балақайларды көрген кезде , өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті ! ☺ Әсіресе , үлкенін – өзіме , ал ең кішісін – сіңліме қатты ұқсаттым ! Біз де кішкентайымыздан осындай костюмдер киіп алып билейтінбіз !😄 Ең бастысы – видеоның соңында бәрі қолдарынан ұстаған кездегі түрлеріне қарасаң , қаншама Мән жатыр ! 🙈☺👏👏 Не де болса , менің жүрегім жауланбай қоймады ! II орын – @ayim_zhumagalieva #Конкурс_бирге_кжолдыбаева

Видео опубликовано Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)

Екінші орын Айым Жұмағалиеваға бұйырды. Ол “Бірге” атты әнге би билеген. Биді жалғыз өзі ғана емес, төрт қыз болып көрсеткен.

 

Үшінші орынды иеленген Жүсіпбекова Айкен ән де айтқан, би де билеген екен. Әнші бойжеткен туралы “Ол мені өзінің өте жағымды даусымен және соққан ырғағымен таң қалдырды! Талантты жан!” – деп шығармашылық табыс тіледі.

Желі қолданушыларының бірі әншінің дұрыс таңдау жасағанын айтса, енді бірі жеңіске өздерінің лайық екенін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетсек, Кәмшат Жолдыбаеваның тыңдармандары арасында конкурс ұйымдастырғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау