Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандары арасында конкурс ұйымдастырды
Әнші Кәмшат Жолдыбаева өзінің Инстаграм парақшасында ерекше конкурс ұйымдастырып жатыр,-деп хабарлайды Stan.kz сайты. Iphone 6 смартфонын ұтып алғысы келетін тыңдарманына әнші өз шартын белгілеген.

Ол үшін конкурсқа қатысуға ниетті азамат #Конкурс_Бирге_КЖолдыбаева хештегімен “Бірге” әнінің кавер-нұсқасын орындап немес осы әнге билеген видеосынан үзінді жолдауы керек. Конкурс наурыз айының бірінен бастап қолға алынған. Қатысушылар 18 наурыз күніне дейін өз бейнежазбаларын көрсетілген хештег бойынша желіге жүктей алады. Ал нәтижесі 20 наурыз күні белгілі болады.
Әрине бас жүлдеге Iphone 6 смартфонын, екінші және үшінші орынды иеленген азаматтарда құралақан қалмайды. Бірі әншінің жеке ән жинағын алса екіншісі лайтбоксқа ие болады.
Фото опубликовано Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)
Видео опубликовано Айгерим Хожахметова (@akhasenovna)
Видео опубликовано Талшын Азербай (@janim_take)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан