Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева: Қиындықтарымды шешіп беретін “көкем” бар

Инстаграмдағы аккаунтына шабуыл жасалып, оны қайта қалпына келтірген Кәмшат Жолдыбаева мәселелерін шешіп беретін көкесінің барын айтты.

image

Бірнеше күннен бері инстаграмдағы парақшасына ескі суреттерін қайтадан жүктеген Жолдыбаеваның әрекетін көп тыңдарманы түсінбеген-ді. Әншінің аккаунтына шабуыл жасалып, көп суреті өшірілгендіктен осылай істеуге мәжбүр болған екен.

“Менің қасымды мықты адамдар бар. Бірден қоңырау шалып, жағдайымды түсіндіремін. Кез келген мәселені шешіп береді. Адам қандай жағдайға тап болса да, қобылжымауы керек. Өз басым барлығы жақсы болатынына сенімді болдым. Бірақ біраз суреттерім өшіріліп кетті. Былай айтқанда “тарихым”. Мүмкін солай болуы керек болған шығар”, – дейді Кәмшат Жолдыбаева “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.

Дәл қазір әншінің инстаграм парақшасы өзіне қайтарылды. Оны қайтару үшін көп уақыт жұмсап та әуре болмаған екен.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Кәмшат Жолдыбаеваға танымал әріптесі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау