Кәмшәт Жолдыбаева ашық киімі үшін өзін сынаған көрерменіне кеңес берді
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваға көрермені тікелей эфирде қоңырау шалып, иығы ашқы киімін сынаған еді. Онда ойын жинақтай алмады ма әнші кейіннен желідегі парақшасында сол азаматтың сынына қатысты өз ойын айтып, қатқыл жауап қатқан.
«Тікелей эфирде сын айттым деп, төбесі көкке жетіп отырған аруға айтарым: Алмагүл ханым, мүмкін Сіз өмірде қымтанып киініп жүретін боларсыз және соны адамның жан-дүниесінің, сауаттылығы мен имандылығының көрсеткіші деп білетін боларсыз… Сіз қателесесіз! Бұл Сіздің жеке тұлға ретінде ой-өрісіңіздің төмендігін көрсетеді! Біле білсеңіз (білмеген болсаңыз, өзіңізге түртіп алыңыз), бұл сахна киімі (соның ішінде, отандық дизайнеріміздің керемет заманауи туындысы), бұл біріншіден. Екіншіден, заманауи эстрадаға деген мынадай көзқараста болсаңыз — теледидары, әлеуметтік жүйесі жоқ бір бөлек жерде мекен етіп жатсыз-ау… Бірақ теледидарыңыз болу керек, өйткені бүгін бағдарламаны көрдіңіз ғой!…» — деп жауап берді әнші.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
