Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева үш бірдей дипломының бар екенін айтып мақтанды

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева отандық бағдарламалардың біріне қатысып, үш бірдей дипломының бар екенін айтып мақтанды.

Screenshot_27

Бұл туралы 7-арнаның “Шай ішейік” бағдарламасында айтылды.

Сөз арасында Кәмшат ағылшын тілін жетік меңгергенін айтып қалды. Бұл саланы да кәсіби түрде меңгеріп алған көрінеді.

“Екі дипломым бар. Ағылшын тілінен де бар. ЖемПУ-ға түстім, бірақ 4-курста академияға ауыстым да, академияны бітіріп шықтым, сонда менде үш диплом бар деп айтуға болады”, – дейді Кәмшат.

Айта кетейік, Жолдыбаева 1988 жылдың 28 қаңтарында Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. 9-сыныпты бітіргеннен кейін колледжде ағылшын тілін меңгерген. Одан кейін қыздар педагогикалық университетіне “Ұйымдастырушы” мамандығына түскен. Осында оқып жүріп КешYOU тобына қабылданған. Ал соңғы курста Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына ауысып, білімін шыңдаған.

Жіберіп алмаңыз:

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Бейбіт Қорған да қажылыққа аттанып кетті

Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2017 17:00