Камерунде әйеліне опасыздық жасаған еркек қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды
Камерун парламенті елдің қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізді. Енді бұдан былай ойнас жасаған ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы Новости Планеты хабарлайды.
Бұған дейін ойнас жасау әрекеті тек әйелдер үшін ғана қылмыс ретінде қарастырылып келген еді.
Сәрсенбі күні мақұлданған заңды енді сенат пен ел президенті бекітуі тиіс. Осыған дейін өзгемен көңілдес болған әйелдер 2 айдан 6 айға дейін түрмеге қамалып немесе 175 доллар көлемінде айыппұл төлейтін. Енді бұл талап ерлерге де қойылатын болды.
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады