Қам жемеңіздер: Арман Қоңырбаев Аша Матайға қатаң талап қойды

Аша Матай мен хэйтерлер арасындағы айқасқа әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Оқырмандары, тіпті, оның үйде отырып, бала бағуын талап етеді екен. Жағымсыз пікірлерін желі арқылы жолдаған фолловерлеріне, Ашаның айтары бар!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ашаның әр қадамын жіті қадағалайтын оқырмандары, үйінің бетін көрмей, тынымсыз еңбек еткен бикешке қапалы көрінеді. Олар әншінің түздегі тіршілігіне емес, отбасына көңіл бөлгенін құптайды екен…

“Неге сен үнемі жұмыстасың? Неге күйеуіңе қарамайсың? Неге бала-шағаңа қарамайсың? Балапаның өз бетімен өсіп жатыр ғой. Үй шаруалары қалай? Сен жаман келін шығарсың деген сияқты пікірлер айтады”, – дейді Аша.

Бірақ, негізсіз айып таққандарға Аша ашуланып отырған жоқ! Өйткені жұмыс кестесі тығыз өнер иесі, отбасы мен кәбісіне де уақытты теңдей және тиімді пайдаланып жүргенін айтады.

“Мен олардың барлығына мән бермеймін. Неге десеңіз, мен өз жолыммен жүрген адаммын. Және де ең бастысы менің жарым бақытты, ата-аналарымыз бақытты және балапаным шүкір, аман-есен!” – дейді Аша.

“Мен негізінде өз-өзіммен жүргенді жақсы көретін адаммын. Оны Аша біледі, орысша айтқанда мен «самостоятельный» адаммын”, – дейді Арман.

Арман жұбайының жәрдеміне зәру болмағанымен, қызының анасына қояр талабы таудай. Декреттік демалыстан шыққан шақта, Ашаға «жұмыс пен үйдің арасында жүресің!» – деп шарт қойған. Сондықтан, желіде жағымсыз пікір жазған хэйтерлерге, біреудің отбасы үшін қам жемеуін өтінді.

“Қызымызға әрине енді анасы көп уақыт бөледі. Жұмыстан кейін үйге келеді. Сондай негізінде екеуміздің арамызда шарт дейді ғой, келісімшарт бар. Жұмысқа барады, кейін үйге келеді. Қызымызға қарайды”, – дейді Арман.

Тағы оқыңыз: 

Шахизада: Арсыз әншілерді жарнамалайтын телеарналарды жазалау керек

​Асанәлі Әшімов: Қазақстан Димаш үшін таршылық етеді

Қатты уайымдады: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балалардан кешірім сұрады

Айгүл Иманбаеваның ұлы чех қызымен көңіл қосты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар