Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалжыраған жапониялықтардың көше-көшеде ұйықтай кеткен бейнелері (фото)

Еңбексүйгіш жапониялықтар жұмыстан шаршаған кезде үйлеріне жетуге де шамасы келмей көшеде ұйықтап қалады. Фотограф Эдриан Стори Токио көшелеріндегі сондай кадрларды түсіріп келген.

sleepingjapan08

Кез-келген мемлекетте метро, орындық немесе басқа да қоғамдық орындарда ұйықтап жатқан адамды алқаш, нашақор немесе қаңғыбас деп қабылдайды. Бірақ, Токиодағы дәл солай ұйықтап жатқан адамдардың киімдері тәуір, қолдарында портфель. Олар 12 сағаттық жұмыстан кейін үйлеріне жетуге шамасы келмей қалған жапондықтар.

sleepingjapan10

Токиода біраз уақыт өмір сүрген фотограф әлемнің өзге де бірнеше еліне аяқ басқан.

sleepingjapan01

Ол Жапония астанасында тұру арқылы кешкілік бұл қаланың ұйқышылар патшалығына айналатынын байқаған.

sleepingjapan03

Метро мен саябақтарда, газон мен ағаш жанында ұйықтай кеткен адамдар токиолықтар үшін тіпті де таңсық көрініс емес.

Өзінің ұйықтап жатқан жапониялықтар туралы сериясын “Let the poets cry themselves to sleep” автор деп атаған.

Оқи отырыңыз:

“Титаниктің” бас кейіпкерлері бірге демалып жатқан жерлерінен ұсталып қалды (фото)

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

59 жастағы Мадонна алғаш рет өзінің алты баласын көрсетті (фото)

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) Алладан бірінші уахи түскен үңгірдің көрінісі (фото)

Талқылау