Қалыңдық ұрланған сақинамен ұсыныс жасаған жігітін соттатып жіберді
Британияда 91 жастағы әйелді тонаған жігіт 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жігітті полицияға қалыңдығы ұстап берген екен.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы жазды.
38 жастағы Стивен Рид пен 26 жастағы Жером Джонсон 91 жастағы әжейді тонап, өзін жатын бөлмеге қамап кеткен. Ұрланған заттардың арасынан неке жүзігі табылған. Оны Рид сүйіктісіне ұсыныс жасап тұрып сыйлап жіберген екен.
Алайда бойжеткен қолындағы жүзікті полиция қызметкерлерінің іздестіріп жүргенін біліп күйеу жігітін құқық қорғаушы органдарға тапсырады. Нәтижесінде полиция ұрлыққа Ридтің қатысы барын анықтайды.Сот Ридті 4 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Ал досы 4 жыл 3 айға сотталды.
Жіберіп алмаңыз:
Әйел ұлын артық салмағы үшін тірідей өртеп жібермек болған
Қария 70 жасында колледжді бітіріп шықты
Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)
Қытайда бұлшықеті қалыптасқан 7 жасар бала жарыстан 6 алтын медаль алды (фото)

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
