Қалыңдық той кезінде көзіне шөп салған күйеу жігітінің масқарасын шығарды

Аустралияда қалыңдық күйеу жігітінің өзге әйелмен көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған. Өз кезінде ол той кезінде күйеу жігітінен өшін алды.

Қалыңдық той кезінде көзіне шөп салған күйеу жігітінің масқарасын шығарды

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өзін Кейси лақап есімімен таныстырған бойжеткен күйеу жігітінің көзіне шөп салып жүргенін бойдақтықпен қоштасу кешінде білген. Ол құрбыларымен бірге отырып, ішімдік ішкен. Осы кезде бейтаныс нөмірден хабарлама келіпті.

Хабарламада күйеу жігітінің өзге қызбен түскен суреті болған. Суреттердің кейбірі бірнеше ай бұрын түсірілсе, кейбірі бірер күн бұрын ғана түсірілген екен. Сонымен қатар бейтаныс адам Кейсидің жігітінің көңілдесімен алмасқан хабарламаларының суретін де жіберген. Онда жігіт сол қызға демалыс күндерін бірге өткізгісі келетінін жазып, тәнінің «ыстық» екенін айтқан. Сондай-ақ, бейтаныс адам: «Мен оған тұрмысқа шықпайтын едім. Ал сен?» – деп жазып жіберіпті.

Мұның бәрінен тойдың алдында хабардар болған Кейси көз жасын тоқтата алмай, хабарламаны құрбыларына көрсеткен. Өз кезегінде олар тойдан бас тартуға кеңес береді. Алайда қалыңдық күйеу жігітінен өш алуды ұйғарады.

«Мен той кезінде күйеу жігітімнің жанына әрең бардым. Аяғым қатып қалғандай болды. Арманымдағы көйлек маскарадқа арналған киім сияқты боп көрінді. Ол менің түріме қарап, әлденеден сезіктене бастады. Бірақ менен не күтетінін білмеді», – дейді Кейси.

Күйеу жігітінің жанына барған Кейси тойдың болмайтынын айтып, қалыңдық гүл шоғын қойып, жігітінің басқа қызға жазған хабарламасын дауыстап оқып берді.

Мұнан кейін күйеу жігіт куәгермен бірге шіркеуден қашып кетті. Ал Кейси қонақтарға тойдың жалғасатынын айтып, «адалдықтың салтанат құруын, нағыз махаббатты табуға деген құштарлықты» атап өтуді ұсынды. Қалыңдыққа қол шапалақтап, қошемет көрсеткен қонақтар әрі қарай сауық кешін жалғастырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар