Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалтама ешкім салып берген жоқ: Гүлзира Айдарбекова ақшасын санаған оқырманына жауап берді

Гүлзира Айдарбекова тағы да оқырманымен сөзге келіп қалды. Бұл жолы желі қолданушыларының бірі Үсенқызының ашкөздігін алға тартып, сынға алған. Қайрат Нұртастың анасы қалтасындағы ақшасын санаған әйелге жауап берді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова

Айдарбекова косметологтың қабылдауында болған сәтін желідегі парақшасында жариялады. Сөз арасында ботоксты қойғанын, енді тек массаж алып тұратынын айтып қалды. Желі қолданушыларының бірі Айдарбекованың әрекетіне сын айтқан.

“Бетіңіз таза ғой, ақшаңыз көп қой. Сол косметикаға барғанша ол ақшаны жетімдерге беріңіз. Мен солай істеуші едім, ақшам көп болса. Өзгеге мен кетірмеуші едім. Бұл менің ойым”, – дейді Ақмарал Ғабитова есімді оқырман.

Қайрат Нұртастың анасы үнсіз қалмады. Ол көп күттірмей ақшасын санаған әйелге жауап берді.

“Сіз өз ойыңызбен тіршілігіңізді жасай беріңіз. Беретін адамдарым жеткілікті, оның бәрін Алла разылығы үшін жасаймын. Өзіме қарауға уақыт бөлсем, ол да менің қалауым. Әр адам өзіне жауап берсе болғаны. Біреудің ала жібін аттасам айтуыңызға болады. Ақша тапсам, менің қалтама ешкім салып беріп жатқан жоқ. Еңбек қалай жасайсың, зейнеті өзіңе. Менің ақшамды қалай жұмсайтыным өз қалауым, ақылыңыз жетіп жатса өзіңіз тауып қалағаныңызды жасай беріңіз, не істейтінімді сіз шешпесеңіз де болады”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау