Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалмұханбет Қасымов ІІМ басшысы қызметінен кетті

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болды.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы туған.

1979 жылы Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.

1979 жылдан 1988 жылға дейін – Алматы облысы ІІД ІІІ ішкі істер органдарының тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары болды.

1988 жылдан бастап – Алматы облысы ішкі істер басқармасының қоғамдық тәртіп бөлімінің бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай қаласының ішкі істер органдарының бастығы.

1992 жылдан бастап – Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдың наурызынан шілде айына дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция басқармасының бастығы.

1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап – Алматы облысы ішкі істер департаменті ішкі істер басқармасының бастығы.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009 жылдан бастап – ШҚО ІІД бастығы.

2011 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі болды.

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдармен, «ІІМ еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен, екінші дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау