Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорнияда 21 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салынды

Калифорния губернаторы Джерри Браун темекі, сағыз бен электронды темекілерге арналған сұйықтық алуға құқы бар адам жасын 18-ден 21-ге ұзартты.

Безымянный

Сурет: www.e1.ru 

Ал, мұндағы негізі мақсат – жастарды жаман әдеттен арылту. АҚШ-тың медицина Институтының мәліметінше, адам 19 жасқа толғаннан бастап темекі шеге бастайды екен.

Бұл заңға ардагерлер ұйымы мен Республикалық партия қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, әскерге шақырылып, Отан үшін күресе алатын әрбір азаматтың қалағанынша темекі алуға құқы болуы керек.

Темекі алушылардың жасын шектеу туралы талап алғаш рет Гавай штатында қолға алынды. Мұнда тек 21 жасқа толғандар темекі сатып ала алады.

Өткен сәрсенбі күні Европа соты темекі сатып алуға қатысты жаңа заңды мақұлдады. Енді темекінің зияны жайлы ақпарат темекінің беткі және астыңғы жағында 65 пайыз жазылуы керек. Жаңа заң 20 мамырдан бастап ескі темекілер сатылып болған соң жүзеге асады.

Ресей де осы мәселені қолға алып, заң жобасын Мемлекеттік думаға жіберген еді. Құжат бойынша, медицина, оқу орындарында, мәдени мекемелер мен ұшақта, қоғамдық көліктерде электронды темекілерді қолдануға тыйым салынады.

Талқылау