Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалайда таңғалдыру керек деп ойладық: Ақтөбеде ауыл әкімі әйелдер қауымына ерекше тосынсый жасады

Ақтөбеде ауыл әкімі қыз-келіншектердің мерекесіне тосын сый жасады. Қаратоғайдың арулары мұндай атымтай жомарттыққа таң қалысып, шексіз ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бүтін бір ауылдың қыз-келіншегінің таңдайын қақтырған не сыйлық?

Көкшетауда жоспарлы вакцина алғаннан кейін белгісіз себептермен бір жасар қыз қайтыс болды   Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 наурызда 1 жасар қыз бала қызылшаға қарсы алдын-алу екпесіг алды, ал 6 наурызда түнгі сағат үште шетініп кетті.  Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында бір жасар қызды өлтіру фактісі расталды, бұл іс тексерілуде.  2018 жылдың 29 қаңтарында дүниеге келген қыз анасы мен әжесімен бірге тұрды. Отбасы пәтерді жалға алып, жиі көшіп-қонып жүрген. Отбасы әлеуметтік осал топ санатында. Қыз баланың ауырғаны туралы ақпарат жоқ. Қыздар жоспарға сәйкес екпе алды, кейіннен асқынулар байқалмады.  Өлім себептері сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады және қосымша хабарланады.  Қазақстанда қызылшаның пайда болуы байқалады. Өткен аптада 438 адам қызылшамен ауырады. Осыған байланысты республикада тоғыз айдан бері балаларды егу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Құшақ-құшақ гүл, қымбат парфюм. Қалалық қыз-келіншектер үшін бұл сегізінші наурызда алатын қалыпты сыйлық. Ал ауылда  бәрі басқаша. Қаратоғай әкімі Қуанышбек Серікжанов елді мекендегі арулар да өздерін ханшайым сезінгенін қалапты. Мереке қарсаңында 2 мың тұрғыны бар, әлі қаладан тысқары жатқан ауылдың қыз-келіншектерін қалай таң қалдырсам деген ой келген. 

«Аналарға тосын, ерекше сый жасаймыз деген ой келді де, осындай бір идея тастадық азаматтарға, кәсіпкерлерге. Кеше 7-8 наурызға деп жоспарлап едік, онымен кеше 6- наурыздан бастап кетті. Тіпті, араларында біз танымайтын азаматтар да бар. Өздері хабарласып, аналарды тегін апарайық деп едік деп хабарласқандар бар», - дейді Қаратоғай ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов. 

Тегін такси. Ауыл әкімінің ең бірінші ойына түскені осы болыпты. Онсыз да күйбек тірлікпен ауылдағылар күн сайын аудан орталығы Мәртөкке, одан қалды Ақтөбеге қатынайды екен. Облыс орталығына бару үшін жолақысы 500 теңге. Ал ауданға 350 теңге. Бұл біреулер үшін қалтаға айтарлықтай салмақ түсірмейтін сома болуы мүмкін, ал отбасындағы санаулы адам ғана жұмыс істейтін ауылдықтар үшін әжептәуір ақша. Ауыл басшысының үндеу тастағаны сол екен- такси қызметтері құптай кетіпті. 

«Осындай шара өткізіп жатырмыз, жаман емес, халық алғыстарын айтып жатыр. Біздер үшін ақшада тұрған ештеңе жоқ ғой, алғыстарын алсақ сол. Жолаушылар көбейеді, әйелдер мініп жатыр, барынша қамқорлық жасап жатырмыз ғой», - дейді такси жүргізушісі. 

«Таксиді өзім пайдаландым. Барған жеріме барып, сол жерден мені алып кетім, есігімнің алдына дейін әкеліп тастады. Ер азаматтарға ризамын, аналарға құрмет көрсеткеніне», - дейдітұрғын. 

Ерлан мен Мейіргүлдің шаштаразында таңертеңнен кезек. Әдетте жұмыстарын сағат 10-нан бастайтын ерлі-зайыптылар клиенттерді кешелі бері бір сағатқа ерте қабылдап жатыр екен. Мерекеге орай әйелдерге 50 пайыздық жеңілдік жасап жатқанын естіген қыз-келіншектер мүмкіндікті пайдаланып қалғымыз келеді дейді. Тек шаш қию ғана емес, бояту, бетті әрлеуге де жеңілдік қарастырылған.

«Қазақстанда 1 күн әйелдер күні болса, біз толығымен наурыз айында 50 пайыз скидка жасаймыз деп отырмыз. Қаладағы таныстарымыз да ауылға барып шашымызды қидырамыз деп. Жақсы болды тегін қидырамыз, тегін баняға түсеміз деп, мен айтам, жолақысы бар ғой деп, олар, жолақысы да тегін барып қайтамыз, тегін барып қайтамыз деп. Бәрі жақсы қабылдап жатыр. Бұйырса, мұндай шара тек Қаратоғайда емес, елді мекендерде жалғасын тапса- жақсы болар еді», - дейді кәсіпкер ЕРлан Тобағабылов. 

«Қуанышымызда шек жоқ., Ерлан баламның шаштаразы 50 пайыз акция дегесін енді мен тұрақты клиентімін. Әкімшілік тарапына алғысымды айтқым келеді. Екіншіден, осы акцияға қатысып жатқан азаматтардың бәріне көптгеген алғыстарымызды айтқымыз келеді», - дейді тұрғын.

Ауыл әкімінің бастамасын қуана қолдаған Ерлан мен Мейіргүл салонына келгендерді тек ажарландырып қана қоймай, бір сәт күйбең тірлікті ұмыттырып, мерекелік көңіл-күйге бөлеуге тырысты.

Шашын сәндеп, бетін әрлеп, әдемі көйлегін киген ауылдың апалары клубқа жиналды. Алдыңғы қатарға ақ жаулықты апалар, көпбалалы аналар жайғасыпты. Тегін такси, монша, шаштараз қызметтері үшін алғыстарын жаудыруда. Ауыл әкімі қыз-келіншектерді құттықтап, құрмет көрсетті. Концертке жиналғандар ауыл басшысының қолынан гүл алды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау